Өмірбаяны

БӨЛІСІҢІЗ:

Рахымжан Отарбаев (1956 жылы 19 қазан Атырау облысы Құрманғазы ауданы - 2018 жылы 17 ақпан Атырау) — жазушы, драматург. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі. Парасат ордені (2013). Атырау қаласының және Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрметті азаматы

  • Отарбаев Рахымжан Қасымғалиұлы 1956 жылы 19 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келді
  • А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты - 1973-77жж.
  • Облыстық "Орал өңірі" газеті, тілші - 1978ж.
  • Атырау облысы, Теңіз аудандық халыққа білім беру бөлімшесі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - 1978-80жж.
  • Атырау облысы, Құрманғазы аудандық "Ленин жолы" газеті, тілші - 1980-81жж.
  • Алматы қаласы, Қазақ ССР телевизия және радиохабарлар тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті, редактор - 1981-85жж.
  • Алматы қаласы, "Қазақ әдебиеті" газеті, тілші - 1985-89жж.
  • Алматы қаласы, "Жалын" әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журнал, бөлім редакторы - 1989-94жж.
  • Қырғыз Республикасы, Бишкек, ҚР Қырғызстан Республикасындағы елшілігі, атташе - 1994-96жж.
  • Қырғыз Республикасы, Бишкек, Республикалық "Егемен Қазақстан" газеті, арнайы тілші - 1996-97жж.
  • Маңғыстау облысы, Ақтау қ., Республикалық "Қазақстан телевизиясы мен радиосы" корпорациясы, төраға - 1997-99жж.
  • Атырау облысы, Атырау қ., Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры, директор - 1999-2002жж.
  • Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі, сектор меңгерушісі - 2005-2009жж.
  • Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы, Бас директор - 2009-2010жж.
  • Астана қаласы, "Ақ Жайық kz", Бас редактор - 2013-өмірінің сонына дейін
  • Атырау облысы, Атырау қ., Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры, көркемдік жетекші - 2013-өмірінің сонына дейін